Teach to Inspire
Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған ұлттық байқау
Өз идеяларыңызбен бөлісіп оқушыларыңыз бен әріптестеріңізге шабыт беріңіз! Балаларды шын жүрекпен оқытатын, мақсат қойып соған жететін және жаһандық деңгейде дамитын ұстаздар қауымдастығымен бірге дамыңыз!
Жұмыстарды қабылдау :
01–30 қараша 2025
«Teach to Inspire» ұлттық байқауы
Бұл байқаудың мақсаты – Қазақстандағы ағылшын тілі мұғалімдері арасында заманауи оқыту әдістемелерін дамыту және үздік педагогикалық тәжірибелермен алмасу.
Байқау мұғалімдерге кәсіби өсуге, инновациялық тәсілдермен бөлісуге және оқушылардың ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Мақсаты мен міндеттері
Ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру
Мұғалімдердің қызықты идеялары мен тиімді тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік беру
Оқу процессінде Oxford University Press оқулықтарын тиімді пайдалану
Soft skills (жұмсақ дағдыларды) дамытуға бағытталған сабақтарды насихаттау
Мұғалімдерді инновациялық және шығармашылық тәсілдерді пайдалануға ынталандыру
Қазақстанның мемлекеттік мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған
Оқушылардың soft skills дағдыларын дамыту (шығармашылық, сыни ойлау, коммуникация және т.б.);
Әдістерді тәжірибеде қолдану (сабақ бейнесін көрсету)
Инновациялық әдістерді тәжірибеде қолдану
Oxford University Press материалдарын тиімді пайдалану
Байқау санаттары
Бағалау критерийлері
Маңызды: Жұмыстар автордың жеке кәсіби тәжірибесін және түпнұсқа идеяларын көрсетуі тиіс
Нақты мақсаты бар, логикалық тұрғыдан дұрыс, оқушылардың soft skills дамуын көрсететін қызықты сабақ жоспары
1/3
Oxford University Press материалдарын пайдалана отырып, soft skills дамуын көрсететін (5 минутқа дейінгі) бейнежазба
2/3
Сабақ идеясы мен қолданылған әдістеменің маңызын түсіндіретін (500 сөзге дейінгі) қысқаша эссе
3/3
Байқау кезеңдері
Онлайн іріктеу:
2025 ж 8–10 желтоқсан
Тіркелу, жұмыстарды қабылдау:
1қараша – 7 желтоқсан
Нәтижелерді жариялау:
2025 ж 12 желтоқсан
#1
#3
#2
Марапаттау рәсімі:
Алматы қаласы
#4
Бағалау комитеті
Oxford University Press өкілдері
DELTA біліктілігі бар InterPress сарапшылары
Қазақстан Республикасының өңірлік әдіскерлері
Марапаттар мен сыйлықтар
Ынталандыру сыйлықтары
Оқытудағы қызықты және ерекше тәсілдерді көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған 20 қатысушы Oxford University Press-тің оқыту және оқу ресурстарымен марапатталады
CELTA халықаралық курсына қатысу сертификаты
(1 қатысушыға)
TKT әдістемелік емтиханын тапсыру мүмкіндігіне арналған сертификат (20 қатысушыға)
IELTS тілдік емтиханын тапсыру мүмкіндігіне арналған сертификат (20 қатысушыға)
Басқаларды шабыттандыратын, тәжірибесімен бөлісетін және ағылшын тілін оқытуды қызықты әрі мәнді ететін ұстаздар қауымдастығының мүшесі болыңыз!
Байқауға қатысыңыз
«Тіркелу» түймесін басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз
Біздің байланыс деректеріміз
Электронды пошта
Байланыс номерлері
«Teach to Inspire» байқауы – бұл тәжірибеңізбен бөлісуге, өзіңіздің қызықты идеяларыңызды, шеберлігіңіз бен кәсіби дағдыларыңызды көрсетуге, өзгелерге шабыт сыйлауға, сонымен қатар халықаралық деңгейде танылуға мүмкіндік алып, өз еңбегіңіз үшін бағалы сыйлықтар ұтуға үлкен мүмкіндік!
Instagram
© InterPress TTC 2025. Құқықтар қорғалған.
Made on
Tilda